Өткенге ерекше мән берілді

Елбасының жуырда жарық көрген «Ұл даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ халқының тамыры тереңнен нәр алатындығы, тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың сол замандағы озық, үздік болғандығын мысалдар арқылы дәлелдеп келтірілген.

Ұлы даланың жеті қырына тоқталып, осы ұлан-ғайыр атырапты мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасағандығын, күш-қуатының жоғары болғандығын атап көрсеткен.Атқа міну мәдениеті мен төрт түлікмалдың ішіндегі Қамбар ата жылқының қадір-қасиеті туралы айта отырып,ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі батырлар заманының ең танымал эмблемасы делінген. Көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айырықша элементі.

Осы дала төсінде 1 мың жылдықта жаңа кезеңнің мәдени өмірінің өшпес ізі қалды. Зор кеңістікті игерген түркілер ұлан-ғайыр далада отырықшы өркениеттіңөрнегін қалыптастырып, сауда-саттық жасап, үлкен қалалар бой түзеп, қарқынды дамығанын дәлелдеді. Ұлы даланың кеудесінде ұлы адамдар Әбу Насыр әл-Фараби,Қожа Ахмет Яссауи секілді даналар дүниеге келіп, рухани санамызға нұр себетін ілім таратқанын басып айтқан.

Ұлы Жібек жолы даланың төскейінде керуен жасап экономиканың дамуына ықпал еткені тарихтан белгілі.  Сол  керуен бүгінгі таңда әлемдік деңгейге көтерілді. Тәуелсіздіктің ақ туы желбіреп, елі күн санап дамыған тұста «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты істерді жүзеге асырғанын тілге тиек еткен.  Қазақ елінің табиғатының  әсемдігі, сұлулығы қызғалдақтың отаны екенін мақтан етуіміз керек. Алматы апортының тұқымы көп таралып,жемісті әлемге тарту етіп, қазақ елінің мәртебесін асқақтатты.

Бұл–тарихқа деген дұрыс ұстанымды, түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп,оның күрмеулі түйінін шешуге  мүмкіндік туғызуға жәнеде сол арқылы елімізді танытып,білуге мүмкіншіліктер беруді Елбасымыз өз сөздерінде нақты, айқын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері жан-жақты зерделеніп, келесі ұрпаққа жол тартуы көзделген. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде кейіпкерлер мен сарындарында шекара болмауы тиіс. Ұлттық құндылығымызды насихаттайтын кинообраздар көрерменнің көз айымы болу керек.

Осы мақаланы негізге ала отырып, Қазақстан тарихын тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда,  түсінікті қалыпта оқушылар бойына  дарытуға тиіспіз. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Тарихи сананы жаңғырта отырып,болашақпен ұштастыра Қазақстан –күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» екенін көрсете білуіміз керек.

Елбасының рухани реформасы бүгінгі қазақ елі үшін үлкен тың бастама екенін қазақ елі түсінді. Әрбір тас пен құмның өзіндік сыры бар. Төл тарихымызды біліп,  ұлттық құндылығымызды бағалап жүрсек, қазақ елінің болашағы жарқын зор болары ақиқат.

«Өткен күн, кеше – тарих, келер күн –ертең сыр, бүгінгі күн – үлкен сый»,- деген Төле бидің тағылымын еске алсақ, өткеніміз бен бүгініміз, бүгініміз бен ертеңіміз сабақтас.

Г.ТІЛЕУБЕРДИЕВА,

Көктұма қазақ орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: