Өз еңбек жолында ауданның дамуына елеулі үлес қосып, бүгінде аудандық экономика және бюджеттік жопарлау бөлімін басқарып отырған Сатай Нұрмұқашұлы 63 жастың асқарын еңсерді.
Ел мүддесі үшін талмай қызмет етіп жүрген арда азаматты өңір басшысы Ә.Жақанбаев арнайы құттықтап, туған күн иесінің иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жапты.
Аудан әкімі сөзінде С.Бекболатовтың мемлекеттік қызметтегі тапқырлығын, табандылығын, ұжыммен жұмыс істеудегі шеберлігін, ең бастысы халықпен қарым-қатынас ұстаудағы орасан жетістіктерін жіпке тізіп, барша алакөлдіктердің атынан ақжарма тілегін жеткізді.
Өз кезегінде туған күн иесі барша құттықтаушыларға алғысын айтып, құрмет көрсетіп жатқандары үшін ризашылығын білдірді.
Айта кетерлігі С.Нұрмұқашұлы мемлекеттік қызметте 20 жылдам астам қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралағында өзінің көшбасшылық және ұжымда жұмыс істеу шеберлігімен танылған. 2007 жылы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бас маман ретінде орналасқан. Араға жыл салып, өзінің тиянақтылығы мен ұтқырлығының арқасында бөлім басшысы лауазымына отырған. Бүгінде мемлекеттік қызметте табан аудармай еңбек етіп, зейнеттік жасқа шыққан санаулы басшылардың қатарында.
Н.МАҚСАТҰЛЫ.