Туған жердің тарихын тани біл

Елбасы Н.Назарбаев дүйім қазақ жұртының ұлттық болмысын айшықтап, ділдік және менталитеттік түсінігін жаңа деңгейге көтерген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргелі бері біршама ілкімді істер атқарылып жатқанын білеміз.

Соның ішінде туған жердің тарихына ден қойып, бұрынғымыз бен бүгінімізді көңіл қылынан өткізуді көздейтін сакралды география бағдарламасының өзіндік орны ерекше. Себебі өткеніне қарап болашағын бағдарлайтын елдің келешегі кемел болатындығы кәміл.

Бұл ретте ел аумағында тарихы һәм рухани маңыздылығы жоғары, көне замандардан бүгінгіге тамыр тартатын көрнекті орындардың картасы жасалып, ол жерлердң қорғау, көркейту, қалыпқа келтіру және туристік әлеуетін жоғарылату мәселелсі күн тіртібінен түскен емес.

Тоқсан жылдық тұғырлы тарихы бар ауданымызда да тоң топыраққа тоғытылған ғасырлық ғұмыры бар орындар жетерлік. Олардың қатарында Шіре ана кесенесі, Есім төре кесенесі, Тоқта тауы, Үйгентас жайлауы, Борша төбе, ерте орта ғасырлық Ақши, Жайпақ қалалары, Баянбай батыр, Тоқболат батыр, Кейкі батыр мазарлары бар. Өткеннен өнеге тартатын бұл киелі мекендер қазақ жқрты үшін қаиетін кемітпек емес. Керісінше уақыт өткен сайын құны еселеніп, қадірі арта беретіні сөзсіз.

Қазір жаңа технологиялар мен тың мүмкіндіктердің дәуірі дегенімізбен, бүгінгі беделімізге көтерген тарихымығызға тиісті көңіл бөлу көрегендіктің белгісі. Себебі өткеннің озығын алып, алдағы даму даңғылымыздың даралануы үшін заман сұранысына сай түрлендіруімізге толықтай мүмкіндіктер бар.

Бұл ретте Елбасының рухани кемелденуді көздейтін мақаласында айтылған орамды ойлардың самақтылығы мен өзектілігін аңғарамыз. Өз туған жеріңнің тарихын жетік біліп, бүгінгі даңқ пен дақпырттың артында қандай еңбек жатқандығын білу ұрпақтар парызы.  

А.ЫБРАЕВ,

«Бір арман» еріктілер тобының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: