Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Туған жердің тарихын тану – тектіліктің белгісі

Тарихын танымаған елдің ұлт ретінде қалыптасуы екіталай екендігін, өткенін бағаламаған бұқараның болашағы да бұлыңғыр боларын жіті түсінген Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көптің көмейінде жүрген түйткілді тақырыптардың тамырын қопарып, қоғам тірлігіне тың төңкеріс әкелді. Әсіресе, жалаң қылышымен жау сауытын сөгіп, жалғыз арғымақпен ұлан-ғайыр атырапты қорғап қалған баһадүр бабалар ерлігін жаңғыртып, ғасырлар қойнауына бұққан туған жер тарихын тануды басты міндетіміз деп көрсеткен болатын.

 

 

Мәні мен маңызы ерек туындыда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Құдайдың рақымы жауған Алакөл өңірінде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Заман ағымынан қалыс қалмау ниетінде біз де Лепсі ауылдық округінің тарихын түгендеп, өткеніне үңілуді қолға алған едік.

Жуырда жеті өзені еркелеген Жетісудің қара даласы саналатын Ұйғыр ауданында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында өткен облыстық жастар форумына қатысып, білім, біліктілігімізді жетілдіріп келген болатынбыз.

Осы игілікті істің жалғасы ретінде Лепсі орта мектебінің ұжымымен Жетісу алатауын бөктерлей құлашын жайған ауылдың киелі жерлеріне таным-жорық ұйымдастырдық. Ауданымыздың сакралды орындарының сапына енген бал-бал тастар мен Әмір-Темірдің шекаралық бағанасы жайлы білгенімізді толықтырып, татар этномәдени орталығындағы мұражай мен әули-тұманың өткенін зерттедік. Біздің сапарымыздың сәтті өтуіне шаң басқан талай мұрағаттарды ақтарып, тарих беттерін талмай парақтаған Мухарам Хайбулин тікелей ұйытқы болды. Жазиралы жазықтарды, тәкаппар тау бөктері мен белдерін аралап, рухани азық алып қайттық.

Ұлт көшбасшысы бір сөзінде: «…Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп баса айтқан болатын.

Шынымен де, кіндік қанымыз тамған жерден киелі, қасиетті ұғым жоқ. Әр қазақстандық осыны бек түсіне білсе нұр үстіне нұр болар еді.

А.Оразов,

Лепсі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov