КР-ның Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Ұлттың өткенін санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарасын таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Сондықтан бұл туындыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыруға толық кепіл бар.
Жуырда«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білімгерлері арасында «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумы» өтті. Форумға біздің колледжден 2-курс студенті О.Орынбай қатысты.Жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Р.Артықовамен ауылымыздың әсем табиғатын, тарихын зерттеп, оны Швейцариямен салыстырып, туризм саласын дамытуға ең қолайлы жер екенін бейнежазбалар мен фотолар арқылы көрсетіп, қорғап қайтты. Облыс көлемінде өткен форумға колледждерден 26 студент қатысты. Әр студент өзінің туған ауылының табиғатымен, көрнекті жерімен, байлықтарымен бөлісіп, мақтанышпен жеткізді. Туған жерін абырой тұтатын О.Орынбай «Білімді студент» номинациясын алып қайтты.
Жетістікке ұжым болып қуандық. Ия, туған жерін қадір тұтатын,өз өлкесінің дамуы жолында аянбай еңбек ететін, Отанымыздың қуатты мемлекетке айналуының тірегі болатын,елім деп еміренетін азаматты, ізденімпаз ертеңгі ұрпақты тәрбиелеп жатқан бізбіз. Ендеше, оқытушыларға тілерім осындай шәкірттеріміз көп болсын, еліміздің жаңа бет бейнесін қалыптастыруға негіз бола білейік.
Рахат Оразбайқызы мен Орынбай Олжасты жетістіктерімен құттықтаймыз. Келешекте алар асуларың көп болсын демекпіз.
А.ЖОМАРТОВА,
Тоқжайлау политехникалық колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.