Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев күні бүгін Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жариялады.
Еліміздің даму даңғылы айқындалған Жолдаудың әр тармағында ертеңіміз үшін аса маңызды қадамдар айтылды. Соның ішінде айдынды ауданымызға тікелей қатысы бар «Туризм» саласын екшек алуға болады.
Шыны керек, Алакөл даласы алты құрлықтан келер меймандарды құшағын жая күтіп алып, естен кетпес естеліктер сыйлар қасиетті мекен. Бұйрат құмдары тәкаппар тауларға жалғанып, тау бөктері орманды-тоғайға араласып, шетсіз-шексіз даласын шипалы көлі шайып жатқан өңіріміздің туристік әлеуеті өте жоғары. Жыл сайын миллиондаған қонақ келіп, аудан экономикасына өзіндік үлес қосуда. Осындай мүмкіндіктің шекпенінен мықтап ұстап, табиғат ұсынған артықшылықтарды толықтай пайдалана білген жөн.
Бұл ретте Жолдауда Мемлекет басшысы ел аумағындағы туризмді дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар мен тың идеяларды жүзеге асырып, шет елдерден кем емес жағдайды жасаудың маңыздылығын түртіп өтті.
Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жүзеге асса көптеген мәселенің түйінін де шешетінімізге сенімдімін.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ.