Биыл Ұлы Жеңістің 79 жылдығы. Басқыншыларға қарсы қару көтеріп, қан майданда жан беріп, жан алысқан сұрапыл соғыстың естелігі әлі де жаңғырып тұрғандай. Сол зұлматты заманның куәгерлері әлі де арамызда бар. Оларға барынша құрмет көрсету бүгінгі бейбіт күн ұрпақтарының міндеті екендігі сөзсіз.
Ұлы Жеңіс күніне орай адуандық мәслихат депутаты Н.Ирмекеев 90 жасқа таяған тыл еңбеккері, жеңісті жақындату үшін бала болса да егін даласында, мал артында жүріп өзіндік үлесін қосқан ақсақал Қасқарбай Тұрысбековтың шаңырағына арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады.
Халық қалаулысы тылда тынбай еңбек еткен ардагердің хал-ахуалын сұрап, соғыс уақытында көрген бейнеттері жайында естеліктерін тыңдап, дайындаған сыйлық себетін табыстады. Өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, ізгі ниетін айтып өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бекболатов өлім мен өмір арасында жүріп, бүгінгі байтақ күннің орнауы үшін барын салған қарияның деніне саулық тілеп, халықтың алғысын жеткізді.
Артынша Қасқарбай ақсақал өзінің дуалы батасын беріп, бұғалы сөздерімен бейбітшілік ұя салған күніміңіздің мәңгі болуын тіледі.
А.ЕСЕНБЕКОВ.