ТЖД: биыл шомылдыру рәсімінен өту үшін жабдықталған орындар болмайды

Шоқыну мерекесі жақындап келеді, оның аясында Алматы облысының көптеген тұрғындары арнайы рәсімге қатысады.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және төтенше жағдай режимін сақтау мақсатында ТЖД және өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарын шомылу рәсімінен бас тартуға шақырады. Демек, биылғы жылы ашық су айдындарында шомылу үшін жабдықталған орындар болмайды.

Осыған орай, Иерей, Иоанн-Богослов шіркеуінің рухани қызметшісі Александр Матлашов пікір білдірді.
Оның айтуынша, шомылдыру рәсімі тек тақуалық дәстүр болып табылады.
“Бұл мерекеде әрбір христиан дінінің өкілі ойыққа түсуге міндетті деп еш жерде жазылмаған. Елімізде және біздің облыста қалыптасқан жағдайға байланысты биыл шомылудан бас тартқан дұрыс деп саналады. Арнайы орында шомылмай-ақ, үйде бірнеше шелек суық суды үстіңізге құйыңсаңызда болады”, – деді ол.

Мәліметпен бөлісу: