АСТАНА. ҚазАқпарат — Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы өз салмағында финалда қытайлық Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына 11 медаль түсті.
Оның ішінде бір алтын, бес-бестен күміс және қола медаль бар.
Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.
Еске салсақ, биыл айтулы аламанға қазақстандық споршылар 15-мәрте қатысып отыр. 1993 жылдан бері олар барлығы 113 медаль еншілеп үлгерді.