VI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ


Бүгін, «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы Көкебаев Қайрат Төребайұлының төрағалығымен партия филиалының VI есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, фракция, Саяси кеңесі, Бюро мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, партия белсенділері, БАҚ өкілдері және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық филиалы Саяси кеңесінің есепті кезеңінде атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы филиал төрағасы Қ.Көкебаев баяндады. Баяндамадан соң оны талқылауға «Еңбекші» БПҰ төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі С.Данабекова, «Бескөл» БПҰ-нан І.Қасенғалиұлы, аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшіcі Г.Базылхановалар мінбеге шығып ойларымен бөлісіп, партия жұмысын одан әрі заман ағымына сай жетілдіру туралы ұсыныс, идеяларымен де бөлісті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамы жаңартылып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының V конференциясына квота бойынша 10 делегат сайланды.
Төртінші мәселе бойынша, Үшбұлақ ауылдық округі әкімдігіне Н.Кәрімовтың кандидатурасы ұсынылып, делегаттардың бірауыздан қолдауымен тіркеу үшін, аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.
Жалпы конференция бұрыңғыдан өзгеше, еркін, қарапайым, қатысушыларға тиімді форматта өтті.

Мәліметпен бөлісу: