2022 жылдың қаңтар айының 15 нен бастап ерекше өкімге дейін ҚР ІІМ, Көліктегі ПД Достық станциясындағы ЖПБ қызмет көрсету учаскесінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған байланысты Алматы облысы Алакөл ауданы Достық станциясы ЖПБ заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік барысында қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың қару-жарақтарын оқ-дәрілерін қылмыскерлердің ұрлауына байланысты азаматтардан заңсыз сақталған қаруды оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады.Жоғарыда аталған бойынша қандайда бір дерек болған жағдайда Достық станциясы ЖПБ-нің 6-23-46 және 6-20-15 телефон нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Заңсыз айналымдағы қарулар мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар мен арнайы құрылғыларды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыстың құрамы жоқ болса.
А.ИГИБАЕВ,
Достық ЖБП полиция капитаны.