Қылмыстыңөтеуі жаза

«Сыбайласжемқорлық» бұл бүгінгі таңда үрке қарайтын тақырыптардың біріне айналды. Жеңілжолмен ақша тапқылары келгендер артынан жазаның ауыр болтындығын естен шығарыпжататындары тағы бар.

Тәуелсіз еліміздің тәубешіл азаматтары көгілдір экраннан, газет-журнал беттерінен, түрлі кездесу, басқосуларда ұрандап жүрген «Жемқорлыққа жол жоқ» түсінігіне атүсті қарайтындар аз емес. Қоржындарына қаржы толтырамын деп, қапияда қазанаттарының ері ауып, бүгінгі атақтары ертеңгі шатаққа төрін беріп жатқандары да жетерлік. Алды бес, арты жиырма жылға абақтыға қамалып, бар мал-мүлкі тәркіленіп, лауазымды қызметке орналасуға шек қойлып та жатады. Онымен қоймай, айдың жарығында ұсталғандарды жалпақ әлемге жар салып көрсетіп, тірнектеп жиған абыройларын айрандай төгеді. Алайда тиындап болсын, теңгелеп болсын жеп қалуды ойлағандардың қарасы азаяр емес. Оған не себеп?

Біріншіден, рухани дағдарыстың, сананың жұтаңдануының салдары деп білемін. Екіншіден, діни сауатсыздықтың, имани құндылықтардың сақталмауы. Үшіншіден, ұлттық менталитетке, болмысқа, ділге деген құрметтің жоқтығы.Төртіншіден, құқықтық сананың сауатсыздығы, тәртіптік білімнің таяздығы. Бесіншіден, заң талаптарының қатаңсыздығы.

Міне осы бес мәселенің түйінін толық игерген адам пара түсінігінен ада тірлік кешері қалтқысыз. Қылмыстың өтеуі жаза екендігін, екі өмірде де тыныштық жоқтығын білгендер бұл дерттің дауасын бүгін-ақ табары сөзсіз.

Адамның сотынан құтылсақ та,Алланың азабынан арашалар адвокат жоқ. Осыны есте сақтасақ һәм осы жолда әрекет етсек нұр үстіне нұр болар еді.

Кариерасын емес кәлимасын ойлаған, ақшаның емес Алланың құлы болған адам ең ауыр күнәлардың сапындағы бұл індетке жол бермесі анық. Құқықтық сананы жаңғыртумен қатар діни сауаттылыққа, имани түсінікке, шариғат шарттарына жүгінгендер жемқорлықсыз болашақтың баяндылығын бек түсінетіндері хақ.

Исі қазақтың ұлттық болмысында да, Хақтың жолы Ислам дінінде де харам саналатын аталмыш дертпен күресу әрбіріміздің азаматтық, адами парымызымыз.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің қарқынды дамуына кедергі келтіретін бірден-бір фактор.

Сыбайлас жемқорлық бабалар аманатына қиянат жасап, жұртымыздың тектілігінен аттағанымезбен пара-пар.

Сыбайлас жемқорлық ұрпақтарымыздың тағдырын ұрлауымыз.

Сыбайлас жемқорлық ең алдымен өз өміріміздің сыйқын кетіру, елдің сыйлауынан, Алланың рақымынан айырылу.

Сыбайлас жемқорлық буалдыр тартқан бүгінің, баянсыз болашағың.


Ә.МОЛДАХМЕТОВ,

ауданның бас имамы.

Мәліметпен бөлісу: