Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 26. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

«Қыз еркем – қылығымен көркем»…


Қылышын сүйреткен қыс та кетіп, шуағын шашып құлпырған көктем де келді. Аяз аяғын тартып, қыс белгісі қар да бірте-бірте жерге сіңіп, көкке орнын босатуға дайын. Тіршілік оянып, күн шуағына малынған ағаштар бүршік артып, жаңбыр суына малынған топырақ тіршілік атаулыға нәрін төгуге әзір. Табиғатпен бірге аруларымыз да құлпырып, қауызын жарған гүлмен жарыса сұлулана түседі. Сол үшін де болар әйелдер мерекесі осы көктемнің алғашқы айына тұспа-тұс келеді. Наурыз мерекесі де жақындап қалды.

Халқымызда қыздар әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, сұлулықтың, нәзіктіктің, көркем мінездің иесі ретінде бейнеленеді. Арулар өзінің табиғатынан мейірімділік, бейбітшіліктің айнасы.

Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болатын болашақ аналар осы аруларымыз және оларға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас.

Сондай мақсатпен ауданымызда аруларға арналған сайыс ұйымдастырылды. «Alakol jastary» орталығының ұйымдастыруымен З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Қыз еркем – өнерімен көркем» атты аудандық арулар байқауы өтті.  Бұл байқауда бақ сынаған бойжеткен қыздар сайысқа сақадай сай болып келген. Өз өнерін көрсетумен қатар, өз қолымен тіккен көйлектерін де ел алдында паш етті. Қазақ қазақ болғалы салттан аттамаған десек, аруларымыз сол салт-дәстүрге де сақ болып шықты. Қазылар алқасы дайындаған сұраққа бірінен соң бірі мүдірмей жауап беріп жатты.

Жалпы байқауға алты ауылдық округтен келген қыздар қатысты. Төрт кезеңнен тұрған конкурста алдымен өздерін таныстырды. Кейінен қатысушылар бар өнерін ортаға салып, актерлік шеберлік, ән айту, монолог оқу секілді әртүрлі жанрлардан бақтарын сынады. Бұл кезең де аяқталып, қыздар байқаудың ең қызық сәтіне де аяқ басты. Кез-келген арулар байқауындағы ел күтетін сәт – бұл қыздардың киім үлгісін көру. Әр аумақтан келген аруларымыз әртүрлі дизайнда сәндік көйлектер тіккен. Бірі періште пішінде киінсе, енді бірі гүлге негізделген дизайнға бет бұрған. Кезек-кезек сахна төріне шыққан қатысушылар қазылар алқасына келіп, өз киімін көрсетіп, оның қалай, неден жасалғанынан мәлімет берді. Соңғы кезеңде арулар сұрақ-жауап сайысына түсті. Қазылар алқасы берген сұрақтарды оқып, бәрі дерлік мүдірмей жауап берді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген халқымыз, осы орайда аталған байқауға «Usharal zoloto» зергерлік дүкенінің басшысы Г.Мұратбекқызы «Arman service» орталығының басшысы А.Асхатұлы, «Feya studio» сән салонының басшысы П.Батырханқызының демеушілік еткенін айта кеткен жөн. Жалпы бұл байқау жастарды патриоттық сезімге, отансүйгіштікке баулу, қазақ қыздарының халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық инабаттылық пен ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша,  І-орынды Үшарал қаласы С. Иманасов атындағы 11- сынып оқушысы Н.Айдарханқызы, ІІ-орынды А.Асанова, ІІІ-орынды А.Даулетова иеленді. Байқауға қатысушы жастарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

А.Әбитұлы

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov