
Әр кезеңнің өзіндік талаптары бар. Шексіз ақпарат пен жаңа технологиялар заманы есік қаққалы жұрт оның да тілін меңгере бастады. Дәуірдің көшінен қалмау — уақыт талабы. Осы ретте қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы біздің алпауыт еллдермен дәрежемізді теңестіріп, технологиялық тұрғыда дамуымызға ықпалын тигізеді. Цифрландыру — еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты бағыты.
Осы ретте мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды бақылау бойынша арнайы талдау тобының мүшелері мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы әрі кедергісіз жағдайлардың жасалуы бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне тексеріс жүргізді.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Д.Маманов жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсыну жəне олардың қолжетімділігін арттыру, оның ішінде озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану, қызмет көрсетудің жаңа форматтарын енгізу еліміздегі мемлекеттік басқару саласын дамытуға, сондай-ақ мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау талаптарына аса көңіл бөлінді. Топ мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар қаралды.
М.НҰРҚАСЫМОВА.