Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қызылащыдағы қуаныш

Қазақта «Ауылына қарап – азаматын таны» деген даналық сөз бар. Туған жерінің топырағында аунап, саф ауасын кеудесіне толтыра өскен ұл-қыздар үнемі сол кіндік қаны тамған өлкеге қарыздар боп өтері сөзсіз. Есейе келіп, етек-жеңі жиналып, ел ағасы атанған тұста туған жерге ту тігіп, ауылының тұғырын тік көтеруге атсалысып жатантын тұлғалар да мол. Дәл осы азаматтардың арқасында ауылдың да болашағы баянды бола бермек.

«Ауылым – алтын бесігім» демекші, «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында қоңырқай тірлік кешкен қойлы ауылдардың тынысын кеңейтіп, тұрмысын түзеп жүрген ағадал азаматтар мол. Бірі мұқтаж отбасыларға септессе, екіншілері ауылына ғимараттар соғып, жұмыс орындарын ашуда.

Дәл осындай қуаныш Қызылащы ауылында да орын алды. Ақ түйенің қарны жарылып, ақ баталар ақтарылған күн дәл «Тәуелсіздік» мерекесімен тұспа тұс келді.

Ел егемендігін тіктеген мейрам күні қызылащылықтардың қуанышы еселене түсті. Бұрындары мешіт болған ескі ғимарат, талай жылдар бойы қаңырап, бос қалған еді. Соны бір іске жарату мақсатын ұстанған тұрғындар жастардың болашағына алаңдаушылық танытып, күрес және жаттығу залы ретінде қайта жаңғыртуды қолған алды. Басында жәй ғана жоспар болған дүниенің де халыққа есігін айқара ашар мезеті келді.

16 желтоқсанда аталған ғимараттың лентасы қиылды. Алғы сөз алған Қызылащы ауылдық округінің әкімі Талғат Маманов ең алдымен ауылдастарына ыстық ықыласын білдіріп, осындай керемет бастаманы жүзеге асырғандары үшін алғысын айтты.

Облыстық мәслихат депутаты, аудандық «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры, спорт жанашыры Алмат Садиев та өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ой қорытты.

«Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы, облыстық жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төрағасы Алмат Есенбеков жиналғандарды қос қуанышпен құттықтап, тірлігі құтты, бірлігі мықты елдің азаматтары халық үшін, өскелең ұрпақ үшін жасап жатқан игі істерінің арқасында әлемдік деңгейдегі чемпиондар шығатынына сенім білдірді.

Ауыл ауқсақалдарының ақ батасынан кейін ғимарат лентасы қиылып, дәстүр бойынша шашу шашылды.

Айта кетерлігі, ғимарат бұғын дейін мешіт болғандықтар жергілік діни бірлестіктермен келісім жасалынып, ауыл азаматтары 25 млн. қаражат жинап, нысан күрделі жөндеуден өтті. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан грек-рим күресінен Азия чемпионы, спорт шебері Жәнібек Исаханов бапкер ретінде тағайындалды. Қазіргі таңда жаттығуға 50 бала тіркелген, нысанда күрес залы және ауыл жастары үшін фитнес зал орналастырылған. Ғимарат көлесі 240 шаршы метрді құрайды, барлық инфрақұрылымдық шығындары ауыл жастары есебінен өтелуде.

А.ХАНЗАДА.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov