Өз ісінің маманы

Жуырда аудан әкімінің орынбасары А.Ахановтың төрағалығымен ҚР ауыл шаруашылығы саласына, аудан көлеміндегі төрт түлік төлін асылдандыруға өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтардың жиыны өтті.

«Өз ісінің маманы» тақырыбында үңлігін түрген кездесуге ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім, мекеме басшылары, шаруақожалық төрағалары, ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты.

Алғашқы болып мінберге көтерілген өңір басшысының орынбасары А.Аханов аудандағы мал шаруашылығының жалпы ахуалына шолу жасап, асыл тұқымды мал санын еселеу бойынша атқарылып жатқан ілкімді істерді жіпке тізіп берді. Сондай-ақ төрт түлікті қолдан ұрықтандырушы мамандардың еңбегі елеулі екендігін жеткізіп, ауданда осы салада үздік деп танылған азаматтады марапаттап кетті.

Сөз алған «ҚР-ның ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестегі басқармсының басшысы А.Садырбаев мал басын асылдандыру ісінің бүгінгі аяқ алысы жөнінде хабардар етіп, осы мақсатта қолға алынып отырған жұмыстар легімен таныстырып өтті.

Негізінде, өңірімізде мал басының тұрақты өсуі байқалады. Оған шаруаларға көрсетілер көмектің, түлік азығын төгіп берер жомарт даламыздың, осы салада атқарылып жатқан істердің оң әсер беріп отырғандығы мәлім. Қазіргі таңда ауданда 65 мыңға жуық ірі қара, 196 мыңнан астам ұсақ мал, 24 мыңда жылқы тіркелген. Осы ретте олардың тұқымын асылдандыру бойынша да көптеген жұмыстар бір жүйеге келтірілді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ірі қараның 26,5 пайызы (15100 бас), ұсақ малдың 38,7 пайызы (64300 бас), жылқының 21,9 пайызы (3240 бас) сыл тұқымдылар санатынан.

Аудан бойынша 12 шаруашылық мал тұқымын асылдандырумен айналысса, ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 28 пунк қызмет етуде.

Мүйізді түлік пен ұсақ малдың тұқымын асылдандыру мақсатында «Қабанбай Агро», «Бескөл Агро», «Қызылқайың қазына» және «Мыңбұлақ» кооперативтері құрылып, өз істеріне кірісті.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: