
🏐13 қыркүйек күні «Заң мен тәртіп» идеологиясында Үшарал қаласында волейболдан ересектер арасында Алакөл ауданының чемпионаты өтті.
Жарысқа аудан бойынша 8 команда қатысып 90-нан астам спортшы өз бақтарын сынады. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты ойындарға толы болды.
🏆Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇1 — орын — «Шекара» командасы
🥈2 — орын — «Қайнар» командасы
🥉3 — орын — «Көктұма» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және грамоталар табысталады.
