“Заң және тәртіп” идеологемасы аясында “Қауіпсіз жағалау” акциясы өткізілді.

Акция барысында тұрғындар мен демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, жауапкершілікті қалыптастыру және заң талаптарын сақтауға шақыру.

Акцияға қатысушыларға қауіпсіз демалыстың маңыздылығы түсіндіріліп, жағалау аумағында тәртіп сақтау бойынша ақпараттық материалдар таратылды.

Мәліметпен бөлісу: