
Әр елдің өркендеуі қазіргі таңда оның білім мен ғылым саласындағы әлеуетіне тікелей байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялық үдерістердің тілін жетік меңгерген, ғылымы ғарыш жылдамдығындай дамып келе жатқан мемлекеттер көш басында екендігі рас. Күштің емем, істің уақытында біз де жаңашылдықтардан құр алақан қалмауымыз керек.
Осы ретте мемлекет басшысы ғылым саласы мен ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстарына тың серпін беріп, барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Бұл өзгерістер туралы бүгінгі Алматы төрінде Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің ғалымдарымен басқосуында айтылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Жаһандық полюстер мен мемлекеттер арасында күшейе түскен бәсекелестік – жаңа дәуірге қадам басқанымызыдң дәлелі. Бұрын елдің әл-ауқаты аумағының көлеміне және халқының санына байланысты болса, қазір технология мен адам капиталының сапасы алдыңғы қатарға шықты»,- деген ойын жеткізді. Яғни, заман күштің емес, білектің емес білімнің ығына жығылып, ғылым жаңа биікке шығып келеді. Бұл ретте ғалымдарға көмек көрсету, жұмыстарын қолдау, жаңалықтарын дамытуға мүмкіндік жасау үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалынатыны айтылды.
Алмат САДИЕВ,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.