Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жүйріктер жүлде басында

Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Сондықтан да дүйім жұрттың кем дегенде отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту саясаты өз мінберінен түскен емес.

Осы ретте аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ Екпінді аулдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай қыстың бір қызығы саналар шаңғыдан аудандық жарыс өтті.

Ұсақ сілемді, жатаған таулардың баурайында, хұсни табиғатты даланың теріскейінен соққан желден шайлықпай арқалы топ алқалы жиынын ойдағыдай өткізіп, бір масаттанып қалды. Иен даланы икемді жапқан үрінді қарға сүлікше қадалған адам нөпірінің арасынан асқары 65-ті алқымдаған дария кеуде қариялар мен ең кенжесі бесік табы белінен кетіп үлгермеген он жас шамасындағы бүлдіршендер сүйріктей шаңғыларын арқалап келіп, айтулы шараның қызығына қызу қоса түскені айқын.

«Таңғы нәсіп тәңірден» тәмсілін тірек еткен ауылдың пейілі кеңдеу тұрғындары таң құланиектене бастағанда сайыс алаңына келіп үлгерді. Түс әлеті ауа ауданның түпкір-түпкірінен қатынаған дода қатысушылары түгел дерлік жиналды.

Сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев аталмыш сайыстың себебі мен салдарын, мәні мен мақсатын түсіндіріп, шараны салтанатты түрде ашып берді.

Мұнтаз қардың үстімен жүйткіген жампоздар айналым сайын жаныңнан өткенде жетектеріне жабысып бірге сырғанап кеткілері келіп, жанкүйерлер де шуылдаса тебініп тұрды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 51-62 жас аралғындағы ер кісілерден С.Нүсіпов, нәзік жандылардан А.Тұрғанбаева, 41-50 жастағы ерлерден Д.Шариғатов, 31-40 жастағы қыздардан А.Шарипова, 31-40 жастағы ұлдардан Қ.Ибраев, 24-30 жастағы ұлдардан А.Рысбеков, қыздардан Ә.Ермусина, 18-23 жастағы ұлдардан Е.Әбдиев, қыздардан А.Зайцева бірінші орынның мінберіне көтерілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov