Жұмысшы мамандықтары басты назарда!

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны ұжымымызға үлкен қуаныш әкелді. Барлық ұжым болып жұмысшы мамандықтар жылында өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетуге талпынып келеміз. Алакөл көпсалалы колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда Мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Колледжден 150-200 ге жуық білімгерлер білім алып, нағыз жұмысшы мамандарын дайындаудамыз. Арнайы пән мұғалімдері, өндіріс шеберлері барлық колледждегі педагог қызметкерлер жұмысшы мамандардың сапалы болуына өз үлестерін қосып келеді. Колледж студенттерінің практикалық білімдерін жетілдіру үшін колледждің 30-ға жуық серіктестіктері қолдау көрсетуде.

Алакөл көпсалалы колледжінің директоры Айнагүл Садиева

Мәліметпен бөлісу: