
Еліміздің Президенті Қазақстан халқына арналған Жолдауында биылғы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп тағайындаған болатын. Басты мақсат жұмысшы мамандықтары иелерінің мәртебесін асыру, олардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау. Үйткені, еліміздің 50%-дан астамы осы жұмысшы мамандықтарында қызмет етеді және экономикамыздың өсуіне өз үлестерін қосып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысшы мамандықтарына білім беретін колледждерді трансформациялау мақсатында жол картасын белгіледі. Жол картасында негізгі 7 бағыт бойынша 70 қадам іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Осы Жолдаудағы көрсеткен жұмысшы мамандықтар жылын ары қарай дамыту үшін оқу-ағарту министрлігі де үлкен жұмысты бастап кетті. Қазіргі кезде, кәсіпорындар мен
колледждермен бірігіп, 11-сыныптар жұмысшы мамандығын алу бойынша “1000 бейіндік мектеп” жобасы да жүзеге асырылатын болады. Осы орайда, біздің облысымызда да көптеген жұмыстар атқарылды. Күні кеше ғана облыстық білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы осы соңғы 2 жылдың өзінде қазіргі заманға нарықта сұранысқа ие 25 мамандық ашылғандығын, көптеген колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайтылғанын, оларға күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге
көптеген қаражат бөлініп жатқандығын айтып өтті.
Енді мен өз кезегімде білім беру мекемелерінде жұмыс істеп жатқан әріптестеріме осы Жолдаудағы басты мақсатты қолдап, 8-9 сынып оқушыларының арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысын өткізіп, 5 сынып оқушыларынан бастап жұмысшы мамандықтарының ардагерлерімен кездесу өткізіп, әр мамандыққа олардың
қызығушылығын арттыруға үлкен жұмыс жасауға шақырамын!
Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибраимов