Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін МӘМС жарнасын жұмыс беруші аударатын болса, жұмыссыз азаматтар мен бейресми жұмыс істейтін тұлғалар қайтпек?
Ресми жұмыс істемейтін болсаңыз, сақтандырылған мәртебесіне ие болу үшін төмендегі үш тәсілдің бірін қолдана аласыз:
- БЖТ жарнасын төлеу — қала тұрғындары үшін айына 2 917 теңге = 1 АЕК және басқа елді мекендерде тұратындар үшін 1 459 теңге = 0,5 АЕК
БЖТ төлеушілер МӘМС бойынша жәрдем алу үшін, үш ай бойы жарнаны төлеуі қажет. Мысалы, тамыз айында қызмет алу үшін, маусым, шілде және тамыз айлары үшін төлем жасалған болуы тиіс.
- Дербес төлеуші ретінде төлем = айына 2125 теңге (ЕТЖ-ның 5%-і)
Дербес төлеушілер медициналық көмек алардан бұрын жарнаны соңғы 12 ай бойы үздіксіз төлеуі керек.
- Немесе мекенжайыңыз бойынша «Жұмыспен қамту орталығына» барыңыз, онда сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты жұмыс ұсынады.
Ұсынылған жұмыс жарамайтын болса, жұмыссыз мәртебесін алу үшін ресми тіркелесіз. Бұл жағдайда МӘМС жарнасын сіз үшін мемлекет төлейтін болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Алматы облысы филиалына хабарласуыңызға болады. Жұмыс уақыты: Дс.-Жұм., 9.00-18.30, түскі ас — 13.00-14.30. Конт.: 8728 255 90 06.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы