
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Онда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар тақырыптар айтылып, біраз мәселе көтерілді.
Сонымен қатар бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аударуды тілге тиек етті.
Президент елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен өатар цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екеніне тоқталып, оның ең алдымен, экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін баса айтты. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңыздылығын ескертіп, цифрандыру мемлекеттік маңызды іс, ел экономикасының дамуы аталған салаға тікелей байланысты екенін жеткізді. Озық инновациялық технологияларды енгізуді жандандыру, стартап-жобаларды дамыту, әсіресе ауылдық жерлерде сапалы интернеттің болмауы мәселелері де назардан тыс қалмады.
Ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамамасыз ететін, мемелекет пен азаматтар арасындағы, сондай –ақ, мемлекет органдарының өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмін одан әрі жетілдіру үшін ІТ мамандар дайындап шығу бүгінгі күннің басты талабы. Озық отыз мемлекеттің қатарына кіруді мұрат еткен еліміз үшін цифрлық дамуды қолға алу мәселе бүгінде газардан тыс қалған емес.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
Д.МАМАНОВ,
аудандық мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы.