Үміт арқалаған кезектен тыс сайлау да аяқталды. Елдің сенімі мен дауысының басым бөлігі «Nur Otan» партиясы мен Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
Енді міне, мемлекеттің тізгіні салтанатты түрде жаңа Президентке табысталып, ант беру рәсімі өтті. Кілең атқамінерлер бас қосқан айтулы жиында жаңа Мемлекет басшысы күллі қазақстандқтардң алдында сөз сөйлеп, өзінің осы лауазымдағы қызмет барысында жүзе асыруды көздеген міндет-мақсаттарымен таныстырды. Олардың қатарында жемқорлықты түбегейлі жою, сыртқы және ішкі саясатты реттеу, тұрғын үй құрылысын бірізділендіру, «Жастар жылы» аясында кейінгі толқын өкілдеріне көптеген мүмкндіктер ұсыну сынды келелі мәселелер көтерілді. Ел Президенті Қ-Ж. Тоқаев осы бағыттарға таяу жылдары атқару керек ілкімді істердің легімен таныстырып, қарапаййым халықтың мүддесіне қарай бірталай реформалар қабылданатынын жеткізді.
Елбасы көздеген дамыған отыз елдің қатарына қосылу және сол көштің басынан көріну осы Қ-Ж.Тоқаев елді басқарар мезгілге бұйырсын. Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатын жалғап, тәуелсіз Қазақстанның әлем сахнасындағы абыройын асқақтата берсін.
А.САДИЕВ,
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.