Жаңа әкімдермен таныстырды

Аудан әкімі Ә.Жақанбаев пен аудандық мәслихатиың хатшысы С.Жабжанов 5 тамыздағы сайлаудың қорытындысы бойынша жаңадан сайланған ауыл әкімдрін округ тұрғындарына таныстырды.

Алдымен Қабанбай ауылдық округінің әкімін орнына отырғызды. Мәслихат депуттарының толықтай қолдауының арқасында бұл округке әкім болып аудан әкімі аппараты жаопы бөлімшесінің басшысы Қ.Қабдылдаев сайланды. Тұрғындармен өткен кездесу барысында өңір басшысы Ә.Жақанбаев жаңа әкімге бірінші кезекте елмен жұмыс істеуді, олармен ортақ тіл табысуды тапсырды. Себебі, бұл қызметтегі азаматтың ең маңызды міндеті қарапайым халықтың мүддесі үшін тер төгу екендігін ескертті.

Келесі кезекте Теректі ауылының тұрғындарына жаңа әкімдерін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін Қабанбай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған Е.Биекбаев тағайындалған болатын. Елді мекендегі күрмеуі қиын мәселенің бірі – ауыз су. Сондықтан өңір басшысы аталмыш проблеманы шешудің тиімді жолдарын жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Артынша Жыланды ауылдық округіне сайланған ең жас әкім С.Копчикбаеты халықпен жүздестірді. Жиын барысында жас болса да, бас болып отырған азаматқа жауапкершілігі мол жүк артылғаны түсіндірілді. Ең бастысы билікке емес, бұқараға жағамын деп еңбектенсе ғана биіктен көрінетіндігі баса айтылды.

Лепсі ауылдық округіне әкім болып сайланған Р.Құрмаевпен кездесуге тұрғындар көптеп жиналды. Лепсіліктер өңір басшысы мен жаңа әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Аудан әкімі Ә.Жақанбаев жаңадан сайланған 17 ауылдық округтің әкімдерін тұрғындарға таныстырып, әрқайсысына нақты міндеттер жүктеді. Сайлау алдындағы бағдарламаларын жүзеге асыру керектігін ескертті.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: