Жаңа маусым, жаңа премьера

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда көрерменге жол тартты.
Қазақстан Республикасы Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің тапсырысы бойынша сахналанған қойылым бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетеді. Көрерменді күлдіре отырып, шындықты шырылдата айтатын өнер ұжымының кезекті қойылымы көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз.
Жаңа маусымда өнер ұжымы көрерменді премьерамен қуантып қана қоймай, сонымен қатар көптеген үлкен қалаларға, аудандарға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар театр фестивальдарына қатысып, бақ сынамақ. Биапа театры алда көрермен көңілінен шығатын түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналауға ниетті. Ендеше, театр ұжымына сәттілік тілейміз!

Мәліметпен бөлісу: