Жаңа мектеп — жарқын болашаққа жасалған қадам

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде білім ордалары бой көтеріп жатыр. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған.
«Жайлы мектептердің» құры­лысын үйлес­тіруші — Samruk-Kazyna Construction компаниясы.
Осы орайда, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы және Достық ауылында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 600 орынды мектеп құрылысын салу жоспарлануда.
Бүгінде, шекаралы аймақ Достық ауылында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 600 орынды мектеп құрылысы басталып, жүргізілуде.

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Бағдат Аманбеков

Мәліметпен бөлісу: