Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 03. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жаңа орталық жұмысын бастады

Жуырда «Жас отау» бағдарламасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстағы проблемаларды анықтау, тұрғындарға психологиялық, құқықтық, педагогикалық және басқа да консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас отбасыларды қолдау орталығы ашылды.

Мұнда психолог Ә.Серікова мен заңгер Е.Нұрпеисовтің көмегін тегін алуға болады. Жоғары білім мен біліктілікті талап ететін бұл қызмет неке, некелік серіктес таңдау және некеге түсу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру, ерлі-зайыптылардың құқықтық сауаттылықтарын жетілдіру, ажырасудың және отбасындағы зорлық-зомбылықтың  алдын алу міндеттерін атқарады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Айтахметов бала тәрбиесіндегі және оның тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызына тоқталып өтті. Жауапты мамандарға бүгінгі таңдағы жұбайлар арасындағы мәселелер шешуді  тапсырды.

Заңгер Е.Нұрпеисов жас отбасыларға «Неке және Отбасы» тақырыбында сабақтар ұйымдастыру, жеке психологиялық мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға моральдық тұрғыда қолдау көрсетуге, дұрыс шешім қабылдауға ықпал етуге түрлі іс-шаралар жүргізілетінін айтты.

«Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Бектемисова жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен татулық, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы ендігі осы орталыққа да байланысты екенін тілге тиек етті.

Шағын шаңырақтан шаттықтың үні естілсін, ұрыстың емес, ырыстың лебі ессін деген мақсатта жұмысын бастаған мамандарға сәттілік серік болсын. Күрмеуі қиын күрделі мәселе болса да негізгі мама­ны­на баратын мекенжайдан адаспаса, шешімі табылатыны сөзсіз. Сондықтан туын­да­ған отбасылық сан түрлі сұрақтардың жан-жақты жауа­бын жас отбасыларға қолдау көрсету орталығынан алуға болады.  

М.ҚУАТҚЫЗЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov