Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалы қжәне әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» – деп жаһандану заманына бейімделу керектігін айқындап берген болатын.
Осы мақсатқа ерекше көңіл бөлген аудандық білім бөлімі оқушыларды жаһандану заманына бейімделу ісін бастап кетті. Жамбыл еліндегі талантты жастары жаңа технологияларды меңгеріп, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгеруге бағыт талған робототехника кабинеттің тағы бірі Ақсеңгір орта метебінде ашылды. Білім ордасына арнайы келген аудан әкімі Бағдат Әлиев су жаңа кабинеттің лентасын қиып, осындағы жаңа технологияларды меңгеруге талпынған оқушылардың алғашқы жұмысымен танысып өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйлаш Бәкірова дәл осындай кабинеттерҰзынағаштағы Абай атындағы орта мектебінде және Мыңбаев орта мектебінде ашылғанын, болашақта бұл кабинеттерді көбейту көзделіп отырғанын жеткізді.
Кабинет 20 оқушыға арналған жиҺаз бен, роботтармен, интерактивті тақта, проектор және ноутбуктары мен жабдықталған.
Осы мектепте оқушыларды робототехникаға бейімдеп, сабақ жүргізетін Арманбек Хаумен математика және информатика пәнінің мұғалімі. Ол осы салада бір жарым жылға жуық жұмыс істеп, қызығушылығы жоғары балаларды тәрбиелеп жатқанын, енді арнайы кабинетте оқушылармен бірге нәтижелі жұмыс атқаратындықтарын айтты. Заманауи талаптарға сай бұл кабинеттің ашылуына түрткі болған аудандық білім бөліміне және аудан әкіміне шынайы алғысын білдірді.
Осы құрылғылардың көмегімен талантты оқушылар әртүрлі роботтар жасауға мүмкіндіктері бар екен. Ал, сол тапқырланған роботтармен мектеп оқушылары халықаралық сайыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
Үстелде тұрған роботтар мен құрылғылардың арасында Ақсеңгір орта мектебінің оқушылары ойлап тапқан құрылғыларда бар. мысалы, «Жүрдек көлік» ол жылдам жүреді және кедергі ге 10см қалғанда тоқтап, дыбыстық белгі береді. Сонымен қатар «Ақылды үй» деп аталатын жарықшам да бар. Оны дыбыстық белгілермен өшіріп қосуға болады.
Мектеп директоры Ертай Құрымбаевтың айтуынша оқушыларының робото техникаға қызығушылығы күнсанап артып келеді екен. Білікті басшымен ұйымшыл ұстаздардың басы қосылған Ақсеңгір орта мектебінде әлемді таңдай қақтыратын талай шәкірт білім алып жатқан да шығар. Ол әрине уақыттың еншісінде.