Жалақы өссе жағдайымыз да оңалмақ

Ұлт руханиятын ұлылыққа жетелеген Елбасы Н.Назарбаев «Презденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде бүгінгі нарық заманында уақыт көшінен қалыспай қарқынды даму даңғылына түсуге қажетті бес басымдықты айқындап берді.

Пәтер жағалап күйі қашқан отбасылар мен жалақысының аздығы жанына батқан жұмысшылардың жағдайы, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі мен білімгерлерді жатақханамен қамту мәселесі, жеке кәсібін ашуға ұмтылған жұртқа шағын несие беру тақырыбы және үлкенді-кішілі қалаларға газ тарту сынды тақырыптар көтеріліп, тиімді шешімдер айтылды.

Солардың ішінде өзектілігі жағынан өзгелерден кем түспейтін мәселе – жалақының көтерілуі.

Қазіргі таңда қоғамның үштен бір бөлігінің жұмыс ақысы елу мың теңгенің төңірегінде. Оған қоса мемлекетке төленетін салық жүктемесінің салмағы батып қолға тиетін қаржы тағы азаяды. Осы ретте Ұлт көшбасшысы көрегендік танытып, ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен кем жалақы алатындарға салынатын салық жүктемесін жеңілдеп, оннан бір пайызға түсіруді міндеттеді. Бұл қадам қарапайым халықтың хал-ахуалының оңалып, әлеумет әлеуетінің еселенуіне ұйытқты болмақ. Нәтижесінде 2 милионнан астам адамның жалақысы жұмыс берушінің иығына салмақ салмай-ақ көбейетін болады.

Қазақстанда көптеген жанұялар бір жалақыға қарап отырғаны жасырын емес. Айдың аяғында алатын жұмыс ақылары бастарына тартса аяқтарына жетпей, қолдың қысқалығынан талай мүмкіндіктен қағылып жатады. Енді Үндеудің екінші басым бағытына жан бітіп, жүзеге асса 2019 жылғы қаңтардың бірінші жұлдызынан бастап 2 милионнан астам жұмыскерге жаңаша жол ашылмақ.

Е.ЕҢСЕБАЕВ.

Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: