Алакөл ауданында қуанышты жаңалық. Күні бүгін «Жанұя» отбасыларды қолдау орталығы ашылып, жаңа нысанға халық көптеп жиналды.
Осы ретте Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер А.Себепов бас қосқан азаматтармен насихат жұмыстарын жүргізіп, үлестірме материалдарын таратты.
Үміткердің сенімді өкілдері, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қ.Көкебаев пен «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы А.Есенбеков сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары жайында ақпарат беріп кетті.
Үміткер А.Себепов те халықтың сенімі мен дауысына ие болған жағдайда алдағы уақытта атқарар ілкімді істерге тоқталды.
(Аудандық сайлау қоры тарапынан төленді)