
Іргесін жаңадан тіктеген «Жанұя» отбасыларды қолдау орталығы қазіргі таңда өмірлік қиын жағдайға түскен жанұяларға барынша демдесу бағытында қызмет атқарып жатыр. Жұмыс барысы, мақсат-міндеттері енді ғана айқындалған мекеме ұжымымен аудан әкімінің кеңесшісі, Әдеп жөніндегі уәкіл Бақытбек Сүлейменов арнайы жолығып қайтты.
Жиын барысында жаңа нысанның ішін аралап, тұрғындарға жасалған жағдайға оң баға берген Б.Сүлейменов қызметкерлермен жалпы әдеп нормалары, келушілермен сөйлесу мәнері, қиын жағдайлар туындаған сәттегі әрекет негіздері жайында ақпарат берді.
Сонымен қатар, мобильдік топтың жұмысымен танысып, округ әкімдерінің аталған топпен белсенді жұмыс жасауын назарға алатынын айтып өтті.
«Жанұя» отбасыларды қолдау орталығының директоры А.Садиев ашылған сәттен бері атқарылған жұмыстармен танысып, алдағы мақсат-міндеттер туралы мәліметтер жеткізді.
Өз тілшіміз.