
Еліміздің негізгі қозғаушы күші — жастар. Жыл басынан бері жастардың дұрыс білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер іске асып келеді.
Жастарды білім, ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды. 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 290 пәтер берілді. Бұл игі бастама жас ғалымдарды Қазақстанда қалуға әрі елімізде ғылымды дамытуға қосымша ынталандырады. Мұндай мүмкіндіктердің саны арта түссе еліміздегі басты мәселелердің бірі — кадр тапшылығы азаяры анық.