«Жастар нашақорлыққа қарсы» аудандық футбол чемпионаты өтті

27–28 мамыр күндері Үшарал қаласы, Орталық «Сымбат» стадионында “Ақтүбек жастары- нашақорлыққа қарсы” ұранымен ересектер арасындағы футболдан Алакөл ауданының чемпионаты өтті.

🏆 Доп додасына ауданның әр өңірінен жиналған 12 команда қатысып, жанкүйерлерге тартысқа толы әсерлі ойын сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Ақтүбек
🥈 ІІ орын – Үшарал Евгей
🥉 ІІІ орын – Бұлақты

Жеңімпаздар медаль, грамота, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

💪 Спорт — салауатты өмір салтының жаршысы!
Жастарды белсенді өмірге, бірлік пен татулыққа үндейтін осындай игі шаралар жалғасын таба бермек ⚽️

Мәліметпен бөлісу: