Жалын мен жігер, екпін мен еңбекке деген құштарлық сезімі бойында ықшып тұрған жас қазақстандықтар да ел мүддесі мен халық қамы үшін қызмет қылуға әзір екендігін «Nur Otan» партиясы дәлелдеп берді. Себебі жас кадрларды мемлекет үшін маңызды салаларға тарта отырып, жас депутаттар корпусын жасақтауы да болашаққа деген алаңдаушылықтың белгісі деп білеміз.
Бүгінгі жас өрен білім мен біліктілікке жақын, жаңа технологиялар мен тың өзгерістерге тез бейімделгіш келеді. Сондықтан да кейінгі толқын өкілдеріне көрсетіліп жатқан көмек пен мүмкіндіктер біздің талпынысымызды еселеп, талабымызды ұлғайта түсері де сөзсіз. Алдыңғы аға толқынның дұрыс бағыт-бағдар көрсетуі мен тәрбиесінің арқасында біз де саяси тұрғыда пісіп-жетіліп, барынша дамып келеміз.
Бір қуантарлығы, бас партия тарапынан жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы, жұмыспен қамтылуы, баспаналы болуы, шығармашылық пен спорт саласында, өнерде, мәдениетте, әдебиетте дамуына үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл өз кезегінде ел ертеңінің тірегі болып отырған қатарластарымның белсенділігі мен билікке деген сенімін ұлғайтып отырғаны да рас.
Бұдан бөлек, праймериз бен депуттаттық сайлау науқанында Nur Otan партиясы үгіт-насихат, ақпараттандыру жұмыстарында үлкен іс атқарды. Соның ықпалымен бас партияға сенім білдірер алакөлдіктердің да қарасы артып, қалың жұртшылықтың қолдауына ие болып отырмыз. Бұның артында үлкен жұмыс, сан жылғы тәжірибе мен кәсібилік жатыр.
Бүгінде айдынды ауданымыз сан салаларда қарқынды өркендеп, өзінің прогресивтілігін танытуда. Алдағы бес жылдықтағы даму бағымытымызды айқындаған партияының бағдарламалық жоспары сол қарқынды еселеудің тиімді жолдарын көрсетуде. Сенім білдірген халықтың үміт үдесінен шығып, өңірдің өрге шығуын көздеген ауқымды да алып жобаларды тиісті жүзеге асуы – басты мақсат болып отыр.
Бұл ретте аудан жастары, Жас отандықтар, жас депутаттар да бар күш-жігерін, білім-біліктілігін сарп етіп, ел мүддесі жолында аянбай еңбек етуге әзір. Әлеумет пен басшылық тарапынан артылған сенім мен жауапкершіліктің жүгін көтеріп, әлемде «Қазақстандық жастар» деген брендті қалыптастыруда біз де өз үлесімізді қоса бермекпіз.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.