Жастар практикасына шақырамыз

Жастар практикасы – бұл мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Өткен жылы аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 75 жұмыссыз жастар практикасына жіберіліп, 20 млн.932 мың теңге қаражат жұмсалды. Оның80 % немесе 60 жас азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы 22 млн.теңге қаржыға 58 адамды жастар практикасына жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 32-і жерлесіміз жұмыспен қамтылды. Игерілген қаржы 3 млн. 500 мың теңгені құрап отыр.

2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай, қосымша 20 жас түлекке 7 млн.575 мың теңге қаражат бөлінді. Осы ретте арнайы орта және жоғарғы оқу орындарын бітіріп келетін аудан жастарын аталған практикаға қатысуға шақырамыз. Толық ақапаратты Үшарал қаласы, Конаев көшесі, № 68 ғимаратынан немес 8 (728 33) 2-22-78 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.

Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жұмыс берушілер жастар практикасыменқызметке алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

А.КОТЕРБАЕВА,

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы.

Мәліметпен бөлісу: