Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақ жастардың қолында» деп, Ұлы дала елінің ұрпақтарына үлкен үміт артып отыр. Сол сенімнің үдесінен шығу үшін жан-жақты сүйемелдеп, барынша көмек те көрсетуде. Себебі, бәсекеге қабілетті, саяси сауатты, дарынды, талапты азаматтар ғана мемлекет құрылысында берік іргетасының қалыптасуына ықпал етпек.
Осы орайда жастарды шағын кәсіпкерлікпен айналысуға тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында ҚР Білім және ғылым министірлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі «Жастар корпусын дамыту» жобасын ұсынды.
Бұл идеяның тиімді тұстарының бірі тегін кәсіптік оқыту мен бастаған істерін дөңглетіп әкетулері үшін қайтарымсыз қаражат берілуі. Аталмыш пилоттық жоба биыл Алматы, Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асып отыр.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өңірімізден 41 азамат бизнес жоба әзірлеп, кіл жүйріктер жиналған бәйгенің бас жүлдесінен дәмелі екендіктерін көрсетті. Кезең-кезеңдік іріктеуден сүрінбей өткен 20 жерлесіміздің әрқайсысы 1 млн. теңгеден қанжығаларына байлап, қоржындарын толтырып қайтты. Алайда, тәттінің сұрауы қатты демекші, оларға қойылатын талап та қатаң. Алып барған жобаларын бүге-шүгесіне дейін жүзеге асырып, алған қаражаттың бір тиынын да текке жұмсамаулары қажет. Кәсіптеріне керекті құрал-жабдықтарды алғаннан кейін барлық шығындарына есеп береді. Сонымен қатар 5 ай бойы халықа тегін қызмет етуге міндеттеледі. Есесіне, оларға осы уақыт ішінде 61 мың теңгеден шәкірт ақы төленіп отырады.
Сөйтіп, ауданымыздың мерей-мәртебесін еселеп, атақ-абыройын асқақтатқан 20 жас азамат 20 млн. теңге инвеститцияға қол жеткізді.
Олар:
1. Екпінді ауылдық округінің тумасы Е.Қалиев «Болашақ» компьютерлік сауаттылықты арттыру орталығын ашып, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтылды.
2. Қоңыр ауылының тұрғыны А.Сұлубай жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қазақ күресі секциясын ашып, қарамағына 2 жаттықтырушыны алды.
3. Қабанбай ауылдық округінінің перзенті С.Қасымқанов игілікті істің бас көтеруіне мұрындық болып, тұрмысы төмен отбасыларға қысқы отын дайындау және тарату мақсатында «Теплота» жобасына қаржылай көмек алды. Бұл ұйымда 4 азамат сауапты қызыметтерін бастап та кетті.
4. Лепсі ауылдық округінде Ф.Айтовтың бастамасымен бал өндіру жұмыстарының қарқыны артуда. Және де олар өз өнімдерін спортшы жастарға тегін таратпақ. Жоба аясында 3 адам жұмыспен қамтылды.
5. Қамысқала ауылдық округінде А.Есімханованың ұйытқы болуымен логопедтік оқыту орталығы ашылып, тіл кемістігі нашар жасөспірімдермен жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде 3 жас маман қызметке орналасты.
6. Көлбай ауылдық округінің азаматшасы А.Базарбаева мал шаруашылығын қолға алып, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасыларды сүт өнімдерімен тегін қамтамасыз етпек. Жоба шеңберінде 3 жас жұмыспен қамтылды.
7. Теректі ауылдық округінің тұрғыны Д.Сакенов сүтті бағыттағы ірі қара өсіруді қолға алды. Осыған орай олар өз өнімдерін мұқтаж отбасыларға тегін таратпақ. Бұл сауапты істің бастама көтеруіне 3 азамат ұйытқы болып отыр.
8. Жағатал ауылдық округінде Қ.Әмірханованың жетекшілігімен «Қабанбай» жаттығу залы ашылды. Керекті құрал-жабдықтар алынып жатыр. Бір айтарлығы ауыл жастары тегін қызметке ие болмақ. Жаттықтырушы ретінде 3 адам жұмысқа орналасты.
9. Үшарал қаласында Е.Омархановтың мұрындық болуымен жастар мен жасөспірімдерге арналған «Ерекше көзқарас» клубы ашылды. Аталмыш мекемеде пікір талас, салт-дәстүр, жайдарман үйірмелері жұмыс атқарады. 3 жас азамат жұмыспен қамтылды.
10. Қазақстан ауылында «Қазақстан жолдары» дөңгелек жөндеу орталығы жұмысын бастады. Нәтижесінде 3 адам осы кәсіпке тартылды. Жетекшісі А.Құсбеков.
11. Лепсі аулдық округінде бал омарталарын әзірлеу үшін жұмыссыз жастарды ағаш ұсталығына үйрету шеберханасы ашылып, 3 тұрғын жұмыспен қамтылды. Жетекшісі Е.Рахимов.
12. Үшарал қаласында Ж.Курмаеваның жетекшілігімен «Тері өнімдерін өңдеу» орталығы ашылып, 3 азамат еңбек етіп жатыр.
13. Ақжар ауылдық округінде «Көрікті ауыл» жобасы іске асырылып, абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Жоба аясында 3 жас жұмыспен қамтылды. Жетекшісі Е.Қоштыбаев.
14. Үшарал қаласында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға ипотерапия» орталығы емдеу курстарын жүргізеді. Жеткшілері А.Сейілхановтан өзге 2 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
15. Үшарал қаласында ашылған «Познай себя» орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға емдік массаж қызметін көрсетеді. Жоба аясында 3 жас жұмыспен қамтылды. Жетекшісі А.Есенгулова.
16. Үшарал қаласында тігін шеберханасы ашылып, 3 тұрғынымыз қызметтерін бастады. Жоба жетекшісі О.Курмаева.
17. Үшарал қаласында Д.Асқанбаевтың ұйытқы болуымен «Жастарды кәсіпкерлік және қаржылық сауаттандыру» орталығы ашылып, 3 жас азамат жұмыспен қамтылды.
18. Лепсі ауылдық округінің тумасы А.Колтунов «Экологиялық тәрбиеге оқыту және білім беру» курсының жұмысын бастады. Аталмыз мекемеде 3 лепсілік азамат қызмет атқарып жатыр.
19. Үшарал қаласында «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету цехы» ашылды. Жоба аясында 3 жас жұмыспен қамтылды. Жетекшісі А.Исаханова.
20. Үшарал қаласында А.Әнетқызының мұрындық болуымен тігін мектебі жұмысын бастады. Бұл жерде 3 адам осы саланың қыр-сырымен үйретпек.
Осындай мүмкіндікке ие болып отырған жас кәсіпкерлердің істеріне табыс, жұмыстарына жеміс тілемекпіз. Мансапты мақсат тұтпай қарапайым халықтың мүддесі үшін еңбек ету – басты міндеттерінің. Ал, ендеше, сәттілік, жалынды жастар.
А.ЕСЕНБЕКОВ.