Жастар жылына жыр

Басталды жастар жылымыз, 
Өрілсін жібек жырымыз.
Жолымыз дәйім оң болғай, 
Ісімізигі мол болғай.

Елін, жерінойлаған, 
Білімге терең бойлаған.
Самға биік жастарым, 
Домаласын өргетастарың.

Елбасы бізгесенеді, 
Мүмкіндік беріп жебеді.
Көш соңына қалмайық, 
Бабалар ізін жалғайық.

Оятып рух намысты, 
Болайық іскер табысты.
Асудан асқар асайық, 
Болашаққа қадам басайық.

Ұлыдаланың ұрпағы, 
Атады ғасыр нұртаңы.
Жүректің отын жандыршы, 
Рухани бүгін жаңғыршы.

Өтеді жалған ғұмырың, 
Туған жерің тұғырың.
Аяла мынау уақытты, 
Болмын десең бақытты.

Арманшыл дүр жастарым,
Ашық болғай аспаның.
Қазақ елін мәңгілік,
Өтейік біз әнқылып.

Қ.НҮСІПХАН,

«Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі,

Ынталы ауылдық округінің жастар нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: