Жазғы ІХ Универсиада – Жетісуда

Екі жылда 1 рет еліміздегі оқу орындарының арасында өткізілетін бұл жарыс биыл 37 спорт түрін қамтып отыр. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен жазғы универсиадаға 8 спорт түрі бойынша 178 білімгер қатысуда. Олар: жағажай волейболы, самбо, еркін күрес, бокс, садақ ату, ауыр атлетика, дзюдо. Жалпы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті, Х.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, С.Аспандияров атындағы Семей медициналық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті т.б. секілді білім ордаларынан 22 команда Жетісуға ат басын бұра келді. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нен барлығы 178 білімгер бақ сынамақ. Универсиаданың алғашқы күні еркін күрес бойынша өткен белдесумен өз шымылдығын ашты. Оған еліміздің Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан 205 балуан қатысуда. Білім ордамыз самбодан әзірге ерлердің де, қыздардың да командасы 1 орынды, еркін күрестен ерлер командасы 2 орынды, қыздар командасы 3 орынды иеленуге қолжеткізді. Ауыр атлетикадан Кристина Крахалева 63 кг салмақта 1 орынды, Александра Лачкова 2 орынды, ерлер арасында 62 кг салмақта 3 орынды иеленді. Жарыс жалғасуда.

Мәліметпен бөлісу: