Қазіргі таңда ел аумағында балалардың шығармашылығына, олардың дарын-дағдыларын дамытуға аса мән беріліп отыр. Бұл ретте Алакөл ауданындағы да ауқымды істерді атап өтпесе болмайды.

Жуырда Түркістан қаласында өткен «Жұлдыз Арт» халықаралық додаға өңірімзден Аяна Қабдрашева басқарып отырған «JJ pro» спорт және даму орталығының өрендері аттанған болатын. Аудан намысын арқалаған өнерлі жастар жерге қаратпады. Әр номинация бойынша 3 гран-при, 2 бірінші орын, 3 екінші орын иеленіп, шетелге 5 жолдамаға ие болды. Сонымен қатар командалық есепте бас жүлдені қанжығалап, байқау кубогін Алакөлге алып келді.
Жас өнерпаздарымызды және жетекшілерін осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асу, бағындырар белестері биік болғай.
А.ХАНЗАДА.