Жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімі қолжетімді болды


25 тамыздан бастап жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімі қолжетімді бола бастады. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Ведомствода 19 маусымда « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын және атқарушылық іс жүргізуді реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылғанын еске салды.
Түзетулерді енгізу мыналарға мүмкіндік береді: міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлемді қарыз бойынша өтеудің болмау мерзімін санаған кезде есептемейді;
коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап ету) берілгенге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі;
12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді.
Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша жыл басынан бері 4752 адам банкроттыққа өтініш берген. Оның ішінде 3658 өтініш бойынша бас тартылды. Ал 696 адам бойынша рәсім аяқталды. Яғни, оларға «банкрот» мәртебесі беріліп, берешек есептен шығарылды.

Мәліметпен бөлісу: