Жемқорлық, парақорлық сынды қоғам дертіне қарсы күрес жүргізу қазіргі таңда мемлекет құрылысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Аталған дертпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.Бүгінгі таңда бармақ басты, көз қысты әрекеттерге қарсы іс-қимылға, әсіресе жастарды тартудың маңызы артып келеді.
Осы ретте Лепсі ауылдық кітапханасында жастардың құқықтық сауаттылығын жетілдіру, заң мен құқық əдебиеттерін насихаттау,азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянымен күресу жолдарын түсіндіру мақсатында «Жемқорлықсыз болашаққа!»атты кітап көрмесі өтті.
Кітапханашы Р.Аитова жемқорлықпен күрестің басты бағыты оның алдын-алу, яғни себептері мен шарттарына ықпал жасау керектігін айта отырып, кітап көрмесіндегі әдебиеттердің мазмұнымен таныстырып өтті.
Лепсі ауылдық мəдениет үйінің директоры И.Абдухаликова бармақ басты көз қысты әрекетпен күресу жолдарын түсіндіріп, жастарды еркін пікір алмасуға шақырды.
Артынша Лепсі орта мектебініңдиректорының орынбасары Д.Каримова аталмыш тақырыпты кеңінен қаузап, бұл індеттің ел дамуын тежейтінін, экономикаға үлкен салмақ түсіретінні айтып өтті.
М.НҰРҚАСЫМОВА.