Жемқорлықтың алдын алу мақсатында

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға атсалысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады.  Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы келесідей хабарлауға болады:

  • Мобильді телефоннан  немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет.
  •  Ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.

    Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Мәліметпен бөлісу: