«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиал директорының м.а Илияс Белгибаев мекеме құрамындағы жер кадастры бағыты бойынша жұмыс істейтін әріптестерін кәсіби мейрамымен құттықтады. Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде тойланып келеді.
Мемлекеттік корпорация құрамындағы жер кадастры басқармасы арқылы былтырғы жылы 65000 жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл мереке жерге байланысты бірқатар кәсіп иесінің ортақ мейрамына айналды. «Сіздер жерге орналастыру, геодезия және картография саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз мемлекеттік қызмет көрсету саласының бұдан әрі дамуы мен өркендеуінің мызғымас кепілі болатынына сенімдіміз»,– деп атап өтті өз құттықтау сөзінде И.Белгибаев. Кәсіби мереке қарсаңында «Жер кадастр» басқармасының қызметкері Сейтжапаров Ерлан Сейтжапарович Кәсіподақ төрағасының медалімен марапатталса 50 ге жуық қызметкер құрмет грамотасына ие болды.