10 қаңтардағы сайлаудың қорытындысы таразылау және алдағы уақыттағы жұмыс барысын бекіт мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысы өтті.
Күн тәртібінде жеті мәселе қаралып, барлығы да оң шешемін тапты.
Атап айтсақ, алғашқы тақырып ретінде аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясының депуттаттық мандаттарын бөлу болды. Ортақ шешім бойынша 12 депутат бекітілді.
Бұдан кейін партия фракциясын құру, фракция жетекшісі мен аудандық мәслихат хатшысын, партия жанындағы тұрақты комиссиялардың төрағаларын ұсыну, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының, Саяси кеңес бюро мен фракцияның 2021 жылға араналған жұмыс жоспарын келісу, аудандық партиялық бақылау комиссиясы, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағалары мен мүшелерін бекіту сынды мәселелер талқыға түсті.
Сөз алған аудан әкімі Ә.Жақанбаев сайлауда жеңіске жеткен «Nur Otan» партиясын құттықтап, насихат жұмыстары кезінде үлкен істер атқарылғанын тілге тиек етті. Ендігі міндет, сол бағыттан танбай ел мүддесі үшін аянбай еңбек ету екендігін бас айтты.
Алмат Есенбеков,
Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.