Жетісу облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылдық округіне сайланған әкімін тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы «19» мамырда болған Жетісу облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Алакөл аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы:

1990 жылы туған, Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылының тұрғыны, Тоқжайлау ауылдық округі әкімі, Дюсембекұлы Алмас Жетісу облысы Алакөл ауданы  Тоқжайлау  ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.

Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы