2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 48 аудиторлық іс-шара өткізді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 17,9 млрд теңгені құрады. Негізгі назар қаржылық тәртіптің сақталуына, бюджет қаражатының заңды әрі тиімді пайдаланылуына және заңбұзушылықтардың алдын алуға аударылды.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында Департамент 17 жоспарлы және 31 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара өткізді. Оның ішінде 29 іс-шара немесе жалпы санның 60,4 пайызы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілді. Бұдан бөлек, 17 іс-шара мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, бір іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша және тағы бір іс-шара тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің мониторингі нәтижесінде өткізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 1,16 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 8,68 млрд теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға тиесілі.
Анықталған бұзушылықтарды жою және қаражатты бюджетке қайтару бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бюджетке қайтарылуға жататын 321,4 млн теңгенің 98,6 млн теңгесі өтелді. Қалпына келтірілуге тиіс 326 млн теңгенің 189,1 млн теңгесі қалпына келтірілді. Сонымен қатар 509,2 млн теңге сомасындағы қаражат бухгалтерлік есепте толық көрсетілді.
Мемлекеттік аудит объектілеріне 44 нұсқама жолданып, оның 33-і орындалды. Жеті нұсқаманың орындалу мерзімі әлі басталған жоқ. Төрт нұсқама бойынша материалдар Жетісу облысының прокуратурасына жолданды. Бір материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіптік жауапкершілікке 42 лауазымды тұлға тартылды.
Бұдан бөлек, Департамент қызметкерлері прокуратура органдарының тексерулеріне маман ретінде қатысып, 13 қорытынды дайындады.
Әкімшілік айыппұлдар және азаматтардың өтініштерімен жұмыс
2026 жылғы 1 қаңтардан 25 қыркүйекке дейінгі кезеңде жалпы сомасы 32,2 млн теңге болатын 274 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 30,6 млн теңгесі немесе 94,9 пайызы өндіріп алынды. Қалған соманы толық өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың 569 өтініші тіркелді. Есептік деректерге сәйкес, 478 өтініш қаралды, 87 өтініш тиісті органдарға жолданды, қалған өтініштер қаралу үстінде. Өтініштерді жолдаудың белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Камералдық бақылау және онлайн-бюджеттік мониторинг
Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі — камералдық бақылау. 2026 жылдың тоғыз айында 311,4 млрд теңге сомасындағы 16 800 лот камералдық бақылаумен қамтылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 99,8 пайызын құрайды.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 1 797 хабарлама жолданып, оның 1 761-і немесе 98 пайызы орындалды.
Сонымен қатар қаржылық тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу мақсатында онлайн-бюджеттік мониторинг жүргізілуде. Мониторинг аясында жалпы сомасы 2,95 млрд теңгені құрайтын 11 516 объекті бойынша тәуекелді төлемдер талданды. Нәтижесінде 4 403 объект бойынша жұмыс жүргізіліп, 1,2 млрд теңге сомасына хабарламалар жолданды.
Алдағы кезеңге арналған басым міндеттер
Департаменттің 2026 жылға арналған негізгі міндеттері — мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік аудитті кеңінен қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражаттың толық өтелуі мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ету, нұсқамалардың орындалуын және әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алынуын бақылау.
Сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарауға, бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды жетілдіруге және Департамент қызметінің ашықтығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық тәртіпті нығайту, заңбұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Кемербаева
Итоги работы Департамента внутреннего государственного аудита по области Жетісу за 9 месяцев 2026 года
За январь–сентябрь 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по области Жетісу проведено 48 аудиторских мероприятий с общим охватом 17,9 млрд тенге. Основное внимание уделялось соблюдению финансовой дисциплины, законности использования бюджетных средств и предупреждению нарушений.
В течение девяти месяцев текущего года Департаментом проведено 17 плановых и 31 внеплановое аудиторское мероприятие. Из общего количества 29 мероприятий, или 60,4%, проведены по обращениям физических и юридических лиц. Ещё 17 мероприятий состоялись в соответствии с перечнем объектов государственного аудита, одно — по поручению Правительства Республики Казахстан и одно — по результатам мониторинга информационных систем с применением системы управления рисками.
Выявлены финансовые и процедурные нарушения
По результатам аудиторских мероприятий выявлены нарушения на общую сумму 9,8 млрд тенге. Из них 1,16 млрд тенге составляют финансовые нарушения, а 8,68 млрд тенге — нарушения процедурного характера.
Работа по устранению выявленных нарушений и возмещению средств продолжается. В бюджет возмещено 98,6 млн тенге из 321,4 млн тенге, подлежащих возмещению. Восстановлено 189,1 млн тенге из 326 млн тенге. Кроме того, суммы на 509,2 млн тенге полностью отражены в бухгалтерском учёте.
По итогам аудита объектам государственного аудита направлено 44 предписания, из которых исполнено 33. Срок исполнения семи предписаний на отчётную дату не наступил. Материалы по четырём предписаниям направлены в прокуратуру области Жетісу. По одному из материалов возбуждено уголовное дело. К дисциплинарной ответственности привлечены 42 должностных лица.
Помимо этого, специалисты Департамента приняли участие в проверках органов прокуратуры, подготовив 13 заключений.
Административные штрафы и работа с обращениями граждан
С 1 января по 25 сентября 2026 года наложено 274 административных штрафа на общую сумму 32,2 млн тенге. На сегодняшний день взыскано 30,6 млн тенге, что составляет 94,9% от общей суммы наложенных штрафов. Работа по взысканию оставшейся суммы продолжается.
В информационной системе «е-Өтініш» зарегистрировано 569 обращений физических и юридических лиц. Согласно имеющимся отчётным данным, 478 обращений рассмотрено, 87 перенаправлено, остальные находятся на рассмотрении. Нарушений установленных сроков перенаправления обращений не допущено.
Усиление контроля за бюджетными средствами
Важным направлением деятельности Департамента остаётся камеральный контроль. За девять месяцев 2026 года им охвачено 16 800 лотов на сумму 311,4 млрд тенге, что составляет 99,8% от запланированного количества.
По результатам контроля направлено 1 797 уведомлений об устранении выявленных нарушений. Из них исполнено 1 761 уведомление, или 98%.
Также продолжается онлайн-бюджетный мониторинг, направленный на выявление и предупреждение финансовых рисков. Анализу подлежали рисковые платежи по 11 516 объектам на сумму 2,95 млрд тенге. По результатам мониторинга отработано 4 403 объекта, направлены уведомления на сумму 1,2 млрд тенге.
Приоритеты дальнейшей работы
В числе основных задач Департамента на 2026 год — повышение качества государственного аудита, расширение применения цифровых инструментов контроля, усиление мер по противодействию коррупции, обеспечение полного возмещения и восстановления выявленных финансовых нарушений, исполнение предписаний и взыскание административных штрафов.
Особое внимание уделяется своевременному и качественному рассмотрению обращений граждан и организаций, повышению прозрачности контрольной деятельности и совершенствованию механизмов контроля за использованием бюджетных средств.
Департамент внутреннего государственного аудита по области Жетісу продолжит системную работу по укреплению финансовой дисциплины, предупреждению нарушений и обеспечению эффективного и целевого использования государственных средств.
Руководитель отдела обеспечения деятельности Департамента внутреннего государственного аудита по области Жетісу Д.Кемербаева
ылық тәртіпті нығайту, заңбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау және бюджет қаражатының заңды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
