Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды

Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тоннаны құрайтын 7 астық кептіргіш жұмыс істейді.
Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев атап өткендей, қант қызылшасын жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда 615 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі. Тәтті түбірдің жиын-терін жұмысына 108 комбайн жұмылдырылды, оның 31-і биыл сатып алынған жаңа техникалар.

Мәліметпен бөлісу: