Жетісу облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті


«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмысқа конкурс ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері марапатталды.
Кездесудің мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін көтермелеу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы бүкіл қоғамды осы қозғалысқа тарту.
Кездесуде сөз сөйлеген Департамент басшысының бірінші орынбасары Темірәлиев Тимур Сәбитұлы БАҚ-тың қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Мемлекеттік институттардың қоғамдық ұйымдармен және БАҚ-пен тығыз өзара іс-қимылы ғана сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және алдын алу, кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ықпал етеді.
Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі іс-шара диалог алаңы болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосымша серпін береді.
Кездесу соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Мәліметпен бөлісу: